Германия канцлері Бисмарктың Пайғамбарымыз Мұхаммедтің қасиетті құранды өзі жазды дейтіндерге берген жауабы
Германия канцлері Бисмарктың Пайғамбарымыз Мұхаммедтің қасиетті құранды өзі жазды дейтіндерге берген жауабы

«Қилы замандарда адамзатқа тура жол көрсететін құпия әлемінен түсті деген сәмәуи кітаптарды зерттедім. Өзгеріске ұшырағандықтан болар, керек хикметті таба алмадым. Ондағы заңдар адамзатты бақытқа бөлейтін жолдан тым алыс. Бірақ, Мұхаммедшілердің Құраны бұл айтқанымның сыртында. Құранды жан-жақты, әр нүктесіне дейін талдадым. Әрбір сөзі хикметке толы. Бұл кітапты Ардақты Мұхаммедтің өзі жазды дейтіндер бар. Мұндай таңғажайып шығарма, керемет даналық бір санадан шықты деу ақиқатқа көз жұмып, ыза мен кек сақтауға ұйытқы болып табылады. Бұл – ілім мен хикметке кереғар құбылыс. Менің ойымша: Хазіреті Мұхаммед – аса керемет бір құдірет. Құдірет күштің (Алланың) мұндай екінші бір құдіретті (адамды, пайғамбарды) әлемге әкелуі мүмкін емес.

Әй, Мұхаммед! Сенімен ғасырлас бола алмадым. Өкінішті-ақ. Сен мына кітаптың жаршысысың. Бірақ ол сенің өзіңдікі емес. Ол құпия әлемінен келген. Оны жоққа шығару – әлем қағидаларын жоққа шығару сияқты күлкілі нәрсе. Адамзат сен сияқты әсем де керемет дананы жалғыз-ақ рет көрді. Бұдан соң көре алмас. Сондықтан сенің құзырыңа аса құрметпен бас иемін!». 

Бисмарк

"Жастар шырағы" кітабынан алынды

Mustafa AhmetMustafa Ahmet
9 жыл бұрын 3433
4 пікір
Блог туралы
0
3298 23 61 6 34